АҚШ-та көгілдір гауһартас 48 млн долларға бағаланып отыр

«Сотбис» сауда үйі ең ірі көгілдір гауһартасты аукционға шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың айтуынша, мұндай асыл тас бұрын соңды сатылымға қойылмаған. Салмағы 15 карат болатын гауһар былтыр Оңтүстік Африкадағы Куллинан кенінен табылған. Сауда үйі оны 48 миллион долларға бағалап отыр. Жалпы әлемде көгілдір гауһартастарға сұраныс жоғары. Мысалы 2014-ші жылы «Меллон көгілдір гауһартасы» 23 миллион 600 мың долларға сатылған болатын.