Сиднейде акула шабуылынан бірнеше жағажай жабылды

Бұл жағажайлар соңғы 60 жылда алғаш рет жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған кеше акуланың бір адамға шабуыл жасап, мерт қылуы себеп болды. Оқиға шаһардан 20 шақырымдай жердегі Биттл-Бей жағажайында болған. Қазір мамандар жыртқышты ұстау үшін торлар құрып, дрондармен оның жүрген жерін анықтауға күш салып жатыр. Тұрғындарға күн ысыса да теңізге барып суға түспеу ескертілген.

Карен Ромалис, тұрғын:

– Өте аянышты оқиға. Бірақ біз мұхитта шомылуға барған сайын қауіп қатерге бас тігетінімізді ұмытпауымыз керек. Себебі бұл сол жыртқыштардың мекені. Сондықтан суға түскенде абай болу керек.