«Алькаррас» фильмі Берлиналенің жеңімпазы аталды

«Алькаррас» фильмі Берлиналенің жеңімпазы аталды

Халықаралық Берлинале кинофестивалінің басты жүлдесі «Алтын аю» мүсінінің иегері анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны испандық режиссер Карла Симонның «Алькаррас» фильмі иеленді. Фильм Испанияның Каталония аймағында шабдалы өсіру шаруашылығымен айналысатын отбасының оқиғасын баяндайды. Жалпы биыл басты жүлдеге әлемнің 15 елінен 18 фильм бақ сынаған еді. Ал «Күміс аю» жүлдесін «Жазушы фильмі» туындысымен оңтүстіккореялық режиссер Хон Сан Су қанжығасына байлады.