Испанияда құрылыс саласында жұмыс күші тапшы

Мәселені шешу үшін жергілікті билік осы салада тегін курстарды ұйымдастырып жатыр.

Өткен жылы 90 мың маман оқыса, енді бұл кәсіпке 200 мың адамды баулу жоспарланып отыр. Оқуға көбінесе мигранттар тартылуда. Жалпы Испания жұмыссыздық деңгейі бойынша Еуропа елдері ішінде Грекиядан кейін екінші орында тұрған мемлекет. Бұнда әр үшінші тұрғын екі қолға бір күрек таба алмай әлек. Ал жұмыспен қамтылған жастардың тек 11 проценті ғана құрылыс саласында еңбек етеді.

Сондай-ақ...