Донецк қаласының орталығында көлік жарылды

Донецк қаласының орталығында көлік жарылды

Бұл туралы Риа агенттігі жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға Донецк халық республикасының үкімет үйінен бірнеше шақырым жерде болған. Құрбандар туралы ақпарат жоқ. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, қазір онда жаппай эвакуация жүріп жатыр. Өзін-өзі жариялаған Луганск халық республикасының билігі де осындай шешім қабылдады. Осыған байланысты Ресейдің, Ростов облысына кірер жолдарда көлік кептелісі пайда болды. Эвакуация туралы ақпарға байланысты рубль бағамы күрт төмендеді.