Украинаның шығысындағы жағдай шиеленісті

Украинаның шығысында жағдай қайта шиеленісті. Түнде Донецк қаласының орталығында көлік жарылды. Оқыс оқиға өзін-өзі жариялаған Донецк халықтық республикасының үкімет үйінен бірнеше шақырым жерде болған.

Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша, көлік танылмаған республика милициясы басшысына тиесілі болған. Оқиға кезінде жаппа шеккендер жоқ. Осы жарылыстан кейін Луганск аумағында 2 жарылыс болды. Мәліметке қарағанда, 2 газ құбыры маңында орын алған. Төтенше жағдай қызеті оның салдарын тез жойып, инфрақұрылым зақымданбаған. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, ештеңе көрінбей кетті. Тек қатты дүмпудің дыбысын ғана естідім.

ДОНЕЦК ПЕН ЛУГАНСК ТҰРҒЫНДАРДЫ ЭВАКУАЦИЯЛАЙ БАСТАДЫ

Ахуалдың ушығуына байланысты кеше танылмаған Донецк халықтық республикасы мен Луганск халықтық республикасы басшылығы Украина күштерінің аймақтарды атқылауы күшейіп, Донбассқа шабуыл жасағалы жатқанын деп мәлімдеді. Осыған байланысты бейбіт халықты Ресей аумағына эвакуациялау туралы шешім қабылданған. Жергілікті биліктің айтуынша, ең алдымен әйелдер мен балалар және қарттар шығарылады. Қазірге дейін Ресейге қарай 3 мың 400 ден астам тұрғын эвакуацияланған.

Денис Пушилин, танылмаған Донецк халықтық республикасының басшысы:

– Уақытша эвакуация сіздердің өмірлеріңізді сақтап қалуға көмектеседі. Ресей Федерациясымен келісімге сай Ростов облысында эвакуацияланған азаматтарды қабылдайтын орындар дайын тұр. Көшірілген адамдар барлық қажетті заттармен қаматамасыз етіледі.

КИЕВ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Ал ресми Киев Украина Донецк пен Луганскқа шабуыл жасағалы жатыр деген ақпаратты өтірік деп мәлімдеді. Керісінше, Ресей Украинаға басып кіру үшін арандатушылыққа баруы мүмкін деп отыр.

Алексей Данилов, Украинаның қауіпсіздік кеңесі мен қорғанысының хатшысы:

– Украина әскері Луганск пен Донецкке шабуыл жасағалы жатыр деген желеумен осы облыстардан тұрғындарды эвакуациялау туралы мәлімдеме жасалды. Бірақ бұл  шындыққа жанаспайтын ақпарат.

РЕСЕЙ ІРІ ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗЕДІ

Бүгін Ресей ірі әскери оқу жаттығу өткізеді. Шараны президент Владимир Путиннің өзі басқарады. Шара барысында баллистикалық және қанатты зымырандарды қолдану қарастырылған. Мәскеу бұл жоспарлы оқу-жаттығу екенін және еш алаңдаушылық тудырмауы керек дейді.