Туристердің Бельгияға кіру тәртібі өзгертілді

Бельгия туристердің елге кіру тәртібін өзгертті.

Жаңа ережеге сәйкес, саяхатшының вакцина салдырғанына мән беріледі. Туристер әуежайда ПТР-тест тапсырмайды. Тек вакцина салдырғаны немесе тестілеудің нәтижесін көрсетсе жеткілікті. Бірақ Еуроодақ аумағында рұқсат етілмеген вакцина салдырған шетелдіктерге, ел аумағына кіруге тыйым сақтала береді. Корольдікте екпе сертификатының мерзімі де қысқартылды. Бұдан былай мұндай құжат тек 9 ай жарамды болады. Бірақ бустерлі дозадан кейін берілген сертификат шектеусіз қолданылады.