Ресейде кеме жөндеу зауытының айлағынан өрт шықты

Приморскі өлкесінің Находка қаласындағы зауыт айлағында жеке тазарту кемесінен өрт шығып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24» РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Кемедегі өрт салдарынан екі адам зардап шеккен. Бұл туралы елдегі Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Оқиға таңертең кеме жөндеу зауытының жанармай цистерналарын жөндеу кезінде болған. Өрт салдарынан жүк цистернасы он шаршы метр аумақты зақымдады.

Өртті сөндіруге 5 бірлік өрт техникасы мен 14 адам жұмылдырылды. «Сағат 14:30-да өрт ауыздықталды, мұнай төгілген жоқ», – деді департамент өкілі.

Өрттің шығу себептері, кінәлілер мен келген шығын анықталуда.