Еуропаның әуе компаниялары Киев пен Одессаға ұшпайды

Украинадағы ушыққан жағдайға байланысты Германияның Lufthansa әуе тасымалдаушы компаниясы ақпанның соңына дейін Киев пен Одесса қалаларына қатынайтын барлық рейстерін тоқтатты.

Сонымен қатар Австрия, Швеция, Брюссель мен тағы бірнеше еуропалық әуе компаниялар да бұл бағытта уақытша ұшпайтын болды. Кеше Киевтен келген соңғы жолаушылар Франкфурт қаласына табан тіреді.

Естеріңізге салайық, жуырда Германияның сыртқы істер министрлігі отандастарын Украинадан кетуін сұраған еді.

Ал Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бірнеше елшілік көшкен Украинаның Львов қаласына рейстер әзірше сапарларын жалғастырып жатыр.  

Брэд Уайлд, жолаушы:

- Жұмыс бабымен осындау келуім керек болды.  Әрине Украинадағы жағдайға бәріміз де алаңдап отырмыз. Онда қалған жақындарымды да уайымдаймын.

Сондай-ақ...