Атлант мұхитында Porsche, Bentley көліктері тиелген кеме өртеніп жатыр

Атлант мұхитында бортында 4 мың қымбат көлік тиелген кеме 5-күн өртеніп жатыр.

Теңізшілер апат дабылын Азор аралдарының маңында қосқан.

Абырой болғанда, экипаж мүшелері шұғыл эвакуацияланып үлгірді. Ал құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті. Өртті сөндіруге көліктерде орнатылған литий-иондық батареялар кедергі келтіруде. Мамандар жарылыс басталу қаупі жоғары болғандықтан кемеге жақындау мүмкін емес екенін айтады. Өрттің не себептен басталғаны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, жүк кемесі Германиядан АҚШ-қа Порш, Ауди, Бэнтли сияқты көліктерді тасымалдаған.