Таиландта кәсіпкерлер шектеуді жеңілдетуді сұрайды  

Таиландта кәсіпкерлер шектеуді жеңілдетуді сұрайды  

Оңтүстік-Шығыс Азиядағы экономикасы туризмге тәуелді тағы бір мемлекет –Таиланд. Сондықтан пандемиядан қатты зардап шеккен саланы қалпына келтіру үшін жергілікті туризм министрлігі билікті Вьетнамнан үлгі алуға шақырып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни шетелдік демлушылар үшін шектеу шараларын жеңілдетуді сұрайды. Енді осы аптада тиісті мәселе қарастырылуы тиіс. Туризм министрлігі мен осы саладағы компания өкілдері бұл сұрақ тезірек шешілсе екен деп отыр. Өйткені сәуірде мұнда Сонгкран мерекесі болады. Бұрындары тай жаңа жылына орайластырылған фестивальдерді өз көзімен тамашалау үшін баратын демалушы легі толастамайтын. Сондықтан кәсіпкерлер биыл мерекеге дейін шектеу шаралары жеңілдетілсе, көп пайдаға кенелеміз деп отыр. Негізі 1ақпаннан бастап Таиланд билігі «Тэст энд Го» туристік бағдарламасына қайтадан тіркелуге рұқсат берген. Ол коронавирусқа қарсы екпенің екі дозасын да алған саяхатшыларды карантиннен босатады.