Путин Донбасстағы ахуалға қатысты қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Ресейлік саясаткерлер ел президенті Владимир Путиннен Украинаның шығысындағы Донецк пен Луганск халық республикаларын мойындауды сұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл өтініш Қауіпсіздік кеңесінің отырысында айтылды. Өз кезегінде Владимир Путин аталған мәселеге қатысты шешім бүгін қабылданатынын жеткізді. Отырыс барысында Донецк пен Луганск халық республикаларын тануға қатысты сыртқы реакцияға Ресейдің бұрыннан дайындалып келе жатқаны да айтылды. Бұған қоса, Донбасстың бір миллионнан астам тұрғыны Ресей азаматтығын алуға өтініші білдіріпті. Бұған дейін өзін республика ретінде жариялаған Луганск және Донецк халық республикаларының басшылары Ресей президентінен тәуелсіздіктерін мойындауды сұраған болатын

Сергей Шойгу, РФ қорғаныс министрі:

– Бір түннің ішінде 40-тан астам атыс болды. Көріп отырғанымыздай және мамандардың баяндамасына сәйкес бәрі алдын ала белгіленген нысаналарға жасалған. Яғни олар қайда атып жатқандарын біледі.

Дмитрий Медведев, РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары:

– Мен мынаны атап өткім келеді. Қарапайым болып көрінгенімен, өте маңызды нәрсе. Қазіргі уақытта мойындалмаған екі құрылымның аумағында Ресей Федерациясының 800 мыңға жуық азаматы өмір сүріп жатыр. Менің айтпағым, олар біз үнемі қорғайтын, қамқорлық жасап, көмектесетін орыс ұлтының өкілдері емес, Ресей елінің азаматтары.