Путин ДХР мен ЛХР егемендігін мойындау туралы жарлыққа қол қойды

Ресей президенті Владимир Путин Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасының егемендігін мойындау туралы жарлыққа қол қойды.

Шара бұған дейін Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өткен Кремльдің Екатерина залында өтті. Оған ресми түрде мойындалған республикалардың басшылары Пасечник пен Пушилин қатысты. Тараптар  арасындағы достық, ынтымақтастық және көмек туралы келісім жасасты.

Айта кетейік, бұған дейін Путин телеүндеуінде Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасының тәуелсіздігі мен егемендігін мойындау туралы мәселеде дереу шешім қабылдайтынын хабарлаған болатын.

Путиннің бұл әрекетін Еуропа басшылары қатаң сынға алды. Саясаткерлер Ресейдің бұл шешімі халықаралық құқықты бұзып «Минск келісімдерін тоқтатады» дегенді алға тартты.