Австралияда күнбағыс енді дронның көмегімен өсіріледі

Австралияда күнбағыс өсірудің тың тәсілі пайда болды.

Роджер Вудс есімді шаруа аталған өсімдік тұқымын дрон көмегімен топырақ сеуіп, өсіре бастаған. Айтуынша, бұған дейін күнбағыс өсіруде мұндай тәжірибе еш жерде қолданылмаған. Тың тәсіл тек арпа, бидай және жоңышқа өсіруде ғана пайдаланылыпты. Технологияның бір артықшылығы, ол көп жұмысшыны қажет етпейтіндігінде, дейді шаруа. Бұған қоса, уақытты да айтарлықтай үнемдейді екен. Сонымен қатар тұқымды себу кезінде топырақ та құнарын аса жоғалтпайды-мыс.