Боливияда лай көшкінінен екі адам ажал құшты

Боливияның оңтүстігінде нөсер соңы лай көшкініне ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 8 кісі із-түзсіз жоғалып кеткен. Құтқару топтары мен жергілікті тұрғындар лай-батпақ пен қоқысты аршып, құтқару шараларын  жүргізіп жатыр. Табиғи апаттан 500 отбасы зардап шеккен. Көбінің үйі тұруға жарамсыз болып қалған. Билік баспанасыз тұрғындарды уақытша паналату қамында жүр. Мамандар бұл елде жауын-шашын маусымы қараша айында басталатынын айтады. Метеорологтар қолайсыз күннің райы наурызға дейін сақталатынын ескертіп отыр.

– Өте аянышты жағдайға тап болдық. Бірнеше адам ұшты-күйлі жоғалып кетті. Арасында көршім де бар. Аман болса екен.