Атлант мұхитында кемедегі өрт сөндірілді

Португалияның жағалауына жақын Атлант мұхитында бір аптадан бері жанып жатқан кемедегі өрттің беті қайтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ ондағы қымбат көліктердің бәрі жанып кетті. Енді мамандар кемені Еуропаға немесе Багам аралдарына сүйретіп апаруды қарастырып жатыр. Еске сала кетейік,  4 мыңға жуық қымбат көлікті тиеген алып кеме Германиядан АҚШ-қа қарай ақпанның 4-і күні шыққан болатын. Алайда  Португалияның Азор аралдары маңында өрт шығып, 22 экипаж мүшесі шұғыл эвакуацияланады. Ал электркарлардың көптігіне байланысты жалынды сөндіру қиынға соғады. Апаттан келген шығын жарты миллиард доллардай болады.