Пәкістан астанасы әлемдегі ең беймаза қалалардың бірі деп танылды

Исламабадтан бөлек бұл тізімде Алжир, Бангкок, Дамаск пен Нью-Йорк шаһарлары да бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының баяндамасында айтылды. Онда келтірілген мәліметтерге сүйенсек, Исламабадта күйбелең тіршілік, көлік кептелісі мен құрылыс жұмыстары тоқтамайды. Ал бұл өз кезегінде жастар мен қарт кісілердің денсаулығына айтарлықтай зиян тигізетін көрінеді. Әсіресе қаладағы қатты шудан адамдардың есту қабілетінен айырылу қаупі жоғары екен. Осыған байланысты аталған ұйымның баяндамасында шаһардағы шу деңгейін азайтып, жасыл желек отырғызуға көбірек көңіл бөлу кеңес берілген.

Сондай-ақ...