Канада Ресейге қарсы санкциялар салды

Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Джастин Трюдо мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған сай Оттава өзінің азаматтарына өзін-өзі жариялаған Донецк пен Луганск халық республикаларымен кез келген қаржылай операция жүргізуге және Ресейдің бағалы қағаздарын сатып алуға тыйым салды. Шектеулер қос аймақты тану үшін дауыс берген Мемлекеттік дума депутаттары мен 2 ресейлік банкке де енгізілді. Бұдан бөлек Трюдо Канада Еуропаға қосымша әскерін жіберетінін атап өтті.

Джастин Трюдо, Канада премьер-министрі:

– Канада президенті Путиннің Донецк пен Луганскті тәуелсіз мемлекет деп тануын айыптайды. Бұл Ресейдің халықаралық құқық пен БҰҰ жарғысын бұзу және Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігіне қол сұғушылық. Мұндай әрекетке жол беруге болмайды.

Сондай-ақ...