Камбоджада коронавирусқа қарсы бүлдіршіндерді еге бастады

Камбоджада 3-4 жастағы балаларды вакциналау басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара омикрон штамының таралуын тежеу үшін қол алынған. Себебі елде осы жастағы бүлдіршіндердің вирусты жұқтыруы артқан. Кішкентайларға Қытайдың Sinovac компаниясының екпесі салынып жатыр.

Айта кетейік, қазір 17 миллионы тұрғыны бар Камбоджада халықтың 90 проценті вакцинаның бір дозасын салдырған.