НАТО шұғыл жиналыс өткізеді – Reuters

Shutterstock

Бүгін Украинадағы жағдайға қатысты НАТО шұғыл отырыс өткізеді.

Бұл туралы "Рейтер" ақпарат агенттігі хабарлады. Ұйымның бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейдің әрекетін қатаң айыптады.

Айтуынша, аймақта халықаралық құқық өрескел бұзылып, Еуро-Атлантика қауіпсіздігіне қатер төніп тұр. Сонымен қатар Столтенберг НАТО-ға одақтас елдер Украинадағы жағдайды талқылайтынын және әскери альянс Киевке қолдау көрсетуді жалғастыра беретінін мәлімдеді.