Лукашенко әскерилерді шұғыл жинады

Беларусь президенті Александр Лукашенко әскерилерді шұғыл кездесуге жинады. Телеграм әлеуметтік желісіндегі ақпарға қарағанда Лукашенко Қарулы күштердің Бас штабымен Тәуелсіздік сарайында кеңес өткізіп жатқаны айтылады.

Президент Ердоған Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізеді 

Украинадағы жағдайға байланысты Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған да Қауіпісіздік кеңесінің отырысын өткізгелі жатыр. Жергілікті «Сабах» басылымының жазуынша, кездесуге Қорғаныс министрі, әскери қолбасшылық және барлау қызметінің басшылары қатыспақ. Жақында президент Ердоған сабырлықты сақтап, Түркия, Ресей және Украинамен бірдей қарым-қатынасты жалғастыра беретінін мәлімдеген болатын.