Украина Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасты үзді

Бұл туралы осы елдің президенті Владимир Зеленский Киевте өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зеленский өз үндеуінде «Украина қорғанып жатыр және өз бостандығын бермейді. Украиналықтар үшін тәуелсіздік пен өз жерінде қалауына қарай өмір сүру ең жоғары құндылық» деп айтты және Ресейдің шабуылын  екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі  фашистік Германия әрекетімен салыстырды.