Еуроодаққа туристердің баруы жеңілдеуі мүмкін

Еуроодақ Кеңесі өзге елдердің туристеріне өз аумағына келу ережелерін жеңілдетуге нұсқау берді.

Одаққа мүше елдер вакцина алған саяхатшылар үшін тестілеу мен карантинге орналасу ережелеренің күшін біртіндеп жоюға келісті. Бірінші наурыздан бастап Еуроодақ өзге елдердің вакциналау төлқұжаттарын мойындай бастауы мүмкін. Бірақ соңғы екпесінің мерзімі екі аптадан аз және тоғыз айдан аспауы керек. Сондай-ақ алған вакциналары Еуроодақта рұқсат етілуі шарт. Ал егер туристер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қолдаған өзге вакцинаны ектірсе, Еуроодаққа мүше кез келген ел ПТР-тест немесе карантинді талап ете алады. Соңғы жарты жылда ковидпен ауырғандар да жаңа жеңілдіктерге ие болады. Оларға Еуроодақ аумағына кіру үшін ПТР-тест ғана тапсыруы қажет. Бұл Одақ аумағында туризмді дамытуға жаңа екпін береді деген үміт бар.