Индонезияда жер сілкініп, екі адам қаза тапты

Индонезияның Суматра аралының батыс жағалауында 6,1 балдық жер сілкінісі болып, 2 адам опат болды.

Өзге жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ. Зілзала ошағы Батыс Пасаман округінен 17 шақырымдай жерде тіркелген. Дүмпудің күшті болғаны соншалық көрші Сингапур мен Малайзия елінде де сезілген. Бірақ қираған үйлер туралы ақпарат жоқ. Паданг қаласындағы ауруханадағы науқастар шұғыл эвакуацияланды.

Мери Херлиза, мейірбике:

- Жер сілкінісі кезінде құлаған заттардан жапа шеккендер бар. Дүмпуден соң жоғары қабаттағы науқастарды дереу далаға шығардық. Қазір оларға барлық көмек көрсетіліп, өзге орындарға орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.