Песков: Ресей Украинамен келіссөз жүргізуге дайын

Мәскеу Киевке келіссөз жүргізуге делегациясын жіберуге дайын. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлім етті.

Айтуынша, бұл президент Владимир Зеленскийдің Украинаның бейтараптық мәртебесін талқылау туралы ұсынысына жауап. Песков сондай-ақ әскери операцияны, Украинаны қарусыздандыру және әсіре ұлтшылдықты жою арқылы өзін өзі жариялаған Луганск пен Донецк халық республикаларына көмек деп атады. Бұл бейтараптық мәртебенің ажырамас бөлігі, деді Песков. Бұдан бөлек ресми Минск тараптарға келіссөз алаңын ұсынуға дайын екенін жеткізді.