Грузия Ресейге қарсы санкция қабылдамайды

Грузия Ресейге қарсы қаржылық-экономикалық санкциялар қабылдамайды.

Бұл туралы ел премьер-министрі Ираклий Гарибашвили мәлімдеді. Ол Украинаға қолдау білдіре отырып, халықаралық қауымдастықты соғысты тоқтату үшін бар күшін салуға шақырды. 

Ираклий Гарибашвили, Грузия премьер-министрі:

- Әрине біз халықаралық серіктестеріміздің Ресейге қатысты қабылдаған шаралары жөнінде білеміз. Бірақ Грузия ұлттық мүдделерін ескеріп, қаржылық-экономикалық санкцияларға қатыспайды. Бұл елімізге тек зиян келтіреді. Ішкі және сыртқы саясатымызға жауапты үкімет басшысы ретінде мен тек Грузияның ұлттық мүдделеріне сай әрекет етемін.