Украина президентінің кеңсесі: жағдай бақылауда

Украина президентінің кеңсесі: жағдай бақылауда

Президент Владимир Зеленский Киевтен жаңа видео жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бейнежазбада Украина басшысы Киевте екенін айтып, әскерилердің берілмейтінін жеткізді. Осының алдында мемлекет басшысының кеңсесі Украинадағы жағдай бақылауда екені хабарлаған еді. Зеленскийдің кеңесшісі таратқан ақпарат бойынша Ресей ешқандай жедел-тактикалық басымдыққа ие емес.

Михаил Подоляк, Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі:

– Ресей Украина қалаларына соққы беру үшін барлық резервін қолдануға тырысты. Бірақ Украинаның қарулы күштері Ұлттық полициямен бірге еліміздің бүкіл аумағын толығымен бақылауда ұстап отыр.