Грузия халқы премьер-министрдің қызметтен кетуін талап етті   

Грузияда ереуіл басылмай тұр. Алғашында жұрт Украинаны қолдау шарасын ұйымдастырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ премьер-министр Ресейге қарсы санкция салынбайтынын жария еткеннен кейін жағдай өзгеріп шыға келді. Енді ереуілге шыққандар үкімет басшының отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Наразылық акциялары елдің әр өңірінде өтті. Тбилисиде жұрт парламент ғимараты алдына жиналған. Бірақ шеруге шыққандар арасында биліктің шешімін қолдайтындар да аз емес. Олар Ресейге қарсы санкция салса, Грузия қиын жағдайда қалатынын алға тартады.