Ресей Украинамен шекаралас облыстарының әуе қатынасына тыйым салды

Кей деректерде әуе кеңістігі 2 наурызға дейін десе, тағы бірінде мамыр айына дейін жабылу мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Влад Қырым үшін соғыс басталған уақытта 2014 жылы дүниеге келді. Қазір ол тоғыз жаста. Туғаннан Луганксіде өмір сүреді. Ол туған жерінде неге соғыс басталғанын ұқпаса да, үйіне оралғысы келеді. Оның ата-анасы, мектебі, достары сонда қалды. Дондағы Ростовқа әжесімен бірге келген. Сол кезде, яғни 18 ақпанда өзін-өзі жариялаған Луганск және Донецк халықтары республикаларының тұрғындарын жаппай эвакуациялау басталғанда келген.

Яна Чебан, Луганскіден келген босқын:

– Тек әйелдер мен балаларды ғана жіберді. Керек-жарағымызды жедел жинап, жарты сағаттың ішінде жолға шығып кеттік. Жұмыс, мектеп, бала-шағамыздың заттары – бәрі сол жақта қалды. Үстіміздегі киімімізді әлі ауыстырған жоқпыз.

Анастасия Кушнир, Донецкіден келген босқын:

– Путиннің де, Зеленскийдің де айтқандарын естідік. Зеленский қайтсе де Қырым мен Донбасты қайтаратынын айтты. Сол себепті өмірімізге қауіп төнді деп қорқып, кетіп қалдық. Кейбірі қалды. Тіпті кетуді ойламайды да. Себебі ол жер – туған жері, қандай күн туса да, туған жерін өлсе де, басқаға ауыстырмайды.

Донбасстан Ресейге жүз мыңнан аса адам бас сауғалап келген. Олар уақытша паналау орындарына жайғастырылды. Бір елдің халқы бір сәтте қалайша бір-бірін өлтіруге дейін дайын дұшпанға айналды деген сауалға, саясаттан алшақ өмір сүретін қарапайым адамдар жауап бере алмады. Олар тек қалыптасқан жағдайдың құрбандарына айналған.

Ирина Овсянникова, мұғалім:

– Кез келген отбасының туған-туыстары бар. Бірақ мына жағдайды әркім әртүрлі қабылдады. Біреулер бұл туысқандық қатынасқа әсер етпейді десе, бәзбіреулер бөлектеніп кетті. Біздің Украинадағы туыстарымыз сырт айналды. Басында ауыр тиді, кейін көндігіп кеттік.