Украина мен Ресей делегациялары келіссөздер өткізетін болды

Украина делегациясы Ресей тарабымен Беларусьте кездесетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті ақпаратты Владимир Зеленскийдің кеңсесінде растады. Келіссөздер Украина мен Беларусь шекарасында Припять өзенінің ауданында өтеді. Бұған дейін Владимир Зеленский Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлескен. Беларусь президенті келіссөздер кезінде ұшақтар, тікұшақтар мен зымырандарын ұшырмайтынын жеткізді. Бұған дейін Украинамен келіссөздер жүргізу үшін Ресей делегациясы Беларуське барған еді. Алайда Владимир Зеленский басқосуды өткізетін алаң ретінде Беларусьтың таңдалуына қарсы болған. Өйткені бұл елдің аумағынан Украинаға зымырандар ұшырылатынын айтқан. Ал соңғы мәлімет бойынша Владимир Путин Ресейдің Қорғаныс министрлігіне құрамына ядролық қару кіретін оқшаулау күштерін жауынгерлік кезекшіліктің ерекше тәртібіне көшіруге бұйрық берді.