Еуроодақ Ресейге тағы санкциялар тізімін жариялады

Енді Ресейде тіркелген барлық ұшақтың Еуропалық одақ елдерінің аумағынан ұшуына тыйым салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл талаптың олигархтардың жеке ұшағына да қатысы бар. Еуроодақ аумағында RT телеканалы мен Sputnik агенттігінің жұмысы тоқтатылады. Сонымен қатар Ресей Орталық банкіне барлық транзакцияларға тыйым салынады. Еуроодақ дүйсенбі күні Беларусь еліне қатысты да сакциялар тізімін жариялайды.