Беларусьте ререферендумға сайлаушылардың 78%-і қатысты

Беларусьте ререферендумға сайлаушылардың 78%-і қатысты

Беларусьте кешегі өткен конституциялық рефрендумға дауыс берушілердің 78 проценті қатысты. Бұл туралы осы елдің Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді.

Референдумның қорытындысы әлі белгісіз. Онда ел конституциясына бірқатар өзгеріс пен толықтыру енгізу ұсынысы бар. Мысалы, президент қызметі тек екі рет бесжылдық мерзіммен шектеледі. Бірақ мемлекет басшысы парламенттің жоғарғы палатасының өмірбақилык мүшесі болып сайланып, жеке басына қол сұқпаушылыққа ие бола алады. Тек президенттік мерзімді шектеу туралы шешім елдің келесі жаңа басшысы қызметіне кіріскен соң ғана күшіне енбек.

Сарапшылар бұл референдум елдің қазіргі басшысы Александр Лукашенкоға 2025 жылдан кейін тағы 2 рет сайлануға мүмкіндік беруді көздейді деп айтып отыр. Ал оппозиция рефрендумды мойындаған жоқ.