Украина делегациясы Беларусь аумағына жетті

Ресеймен келіссөз жүргізу үшін аттанған Украина делегациясы Польша арқылы Беларусь аумағына жетті.

Поляк бағыты қауіпсіздік мақсатында таңдап алынған. Украина басшысының мәлімдеуінше, кездесу Беларусь шекарасының бойында өтпек. Осының алдында Владимир Зеленскийдің Беларусь президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлескен болатын.

Бұдан бөлек, Украина басшысы әр сарбазға жүз мың гривна төленетінін мәлімдеді. Біздің валютаға шаққанда бұл сома 1 жарым миллион теңгеден асады.