Авcтралияда су тасқынынан опат болғандар саны артты

Авcтралияның Квинсленд штатында су тасқынынан опат болғандардың саны артып, 8-ге жетті.

2,5 миллионнан аса тұрғыны бар Брисбен қаласы мен тағы көптеген мекенді су басып жатыр. Соңғы күндері селдетіп жауған жаңбырдан әбігерге түскен мыңдаған адам эвакуацияланды. Аталған шаһарда өзеннің тасуынан 15 мың үй бүлінген.

Қалада құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Билл Мейфелс, тұрғын:

– Су тез көтерілді. Біз заттарымызды жинап үйдің төбесіне шыққанша оның деңгейі тіземізден асып кетті. Бағымызға қарай баламыз қайығымен жетіп, дер кезінде құтқарып алды.