Солтүстік Корея зымыран атты

Солтүстік Корея тағы зымыран атты. Бұл туралы Оңтүстік Корея тарапы мәлімдеді.

Ақпарға қарағанда, Пхеньян шығыс жағалауындағы Сунан мекенінен Сары теңізге қарай баллистикалық зымыран ұшырған. Көп ұзамай мәліметті Солтүстік Кореяның өзі де растады. Пхеньянның мәлімдеуі бойынша, сынақ барлау жерсерігі жүйесін жасау үшін жүргізілген. Ол жоғары дәлдікті суретке түсіру мен мәліметтерді жолдау және басқару жүйесін жетілдіруге көмектесуге тиіс. Айта кетейік, Пхеньян биыл жыл басталғалы осымен сегізінші рет зымыран ұшырып отыр.

Сондай-ақ...