Өзін-өзі жариялаған Донецкте мобилизациялау аяқталды

Өзін өзі жариялаған Донецк халық республикасында жалпыға бірдей мобилизация аяқталды. Бұл туралы танылмаған республиканың басшысы Денис Пушилин мәлімдеді.

Оның айтуынша шара алға қойған міндет орындалғандықтан тоқтатылған.

Еске сала кетейік, өзін-өзі жариялаған Донецк халық республикасында Донбасстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты жалпыға бірдей мобилизациялау жарияланған болатын. Оған сай танылмаған республика күштері әскери әзірлік жағдайына келтіріліп, 18 бен 55 жас аралығындағы ер азаматтар аймақты тастап кетуіне тыйым салынған еді.