Мексикада шағын роботтар Айға ұшырылады 

Мексикада шағын роботтар Айға ұшырылады 

Мексика шағын роботтарды Айға ұшырмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бұрын-соңды болмаған ғылыми миссия. Оларды әзірлеу жұмыстары 2016 жылы басталған еді. Жобаға ғалымдардан бөлек тағы 200 студент қатысқан. Зымыран-тасығыштың көмегімен роботтар алдымен орбитаға, кейіннен Айға жеткізіледі. Ай бетіндегі үлгілерді жинайтын бұл роботтарды биыл маусымда ұшыру жоспары бар.

Густаво Медина Танко, жоба авторы:

– Бұрын-соңды мұндай жобамен ешкім айналыспаған. Тек Мексикада ғана емес, бүкіл әлемде ондай болмаған. Біз  кішкентай роботтарды Айға аттандырамыз. Болашақта оларды тек Айға ғана емес, астероидтарға да жіберіп, ғылыми жобамызды одан әрі кеңейтуге ниеттіміз.