loader


АҚШ Ресейдің 12 дипломатын елден қуады

Сөйтіп АҚШ Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Ресей өкілдігінің 12 қызметкерін елден шығаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресейдің тұрақты өкілі Василий Небензяның хабарлауынша, дипломаттарға тыңшылық жасады деген айып тағылып отыр. Олардың барлығы «персона нон грата» деп жарияланған. Ресми Вашингтон аталған қызметкерлер өз міндетіне кірмейтін және дипломатиялық миссияға жатпайтын іспен айналысқан деген түсініктеме берді. Небензя АҚШ-тың бұл қадамы міндеттемелерді өрескел бұзу деп атады.

Василий Небензя, Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі:

– Ресей өкілдігінің12 қызметкері 7 наурызға дейін АҚШ-тан кетуге тиіс. Олар – Біріккен Ұлттар Ұйымының дипломаттары, әзірге аты-жөндерін білмеймін. Олар Ресей өкілдігіне бас сұғып, талаптарын бізге жазбаша қалдырды. Біз бас хатшының алдында міндеттемелерін өрескел бұзып жатқан тұрақтау елін төрелік сотына беру мәселесін көтердік.

Сондай-ақ...