Солтүстік Корея АҚШ пен Батысты айыптады

Ал Солтүстік Корея Украинаға қатысты жағдайда Ресейге жақтасып, АҚШ пен Батысты «үстем саясат» жүргізіп отыр деп кінә артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресми мәтін жергілікті ресми ақпарат агенттігінде жарияланған. Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігі «Ресми Вашингтон мен одақтастары Ресейдің ақылға қонымды, заңды талаптарын елемей отыр» – деп кінәлады.