Канада Ресей мұнайынан бас тартты

Канада Ресей мұнайынан бас тартып, Украинаға танкке қарсы қару-жарақ жеткізетін болып шешті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл турлы осы елдің премьер-министрі Джастин Трюдо мәлімдеді. Оттава алдағы уақытта Ресейден сатып алынатын мұнайдан өндірілетін барлық тауарға да шектеу енгізуге ниетті. Ал ресми дерекке сүйенсек, Канаданың Ресейден импорттайтын қара алтын көлемі шағын. Былтыр 228 миллион доллардың өнімі сатып алынған.

Джастин Трюдо, Канада премьер-министрі:

– Біз бүгін Ресейден импорттайтын мұнайдың барлығына тыйым салдық. Бұл  президент Путин мен оның айналасындағы олигархтарға ең көп кіріс әкелген сала. Ресей бюджетінің үштен бір бөлігінен астамы осы саланың еншісінен құралып отыр. Бұл қадам арқылы біз Президент Путиннің әрекеттеріне қатысы бар адамдарға олардың салдары ауыр болатынын ескерткіміз келеді.

Сондай-ақ...