Әлемдік кинокомпаниялар Ресейде фильм көрсетуден бас тартуда

Әлемдік бірнеше кинокомпания Ресейде фильм көрсетуден бас тартып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Америкалық «Уорнер Бразерз» киностудиясы ертеңге жоспарланған «Бэтмен» премьерасын кейінге шегерді. Сондай-ақ «Уолт Дисней» Ресей аумағында фильмдерін көрсетуді тоқтатты. Компания Кремльдің Украинаға басып кіруі мен  қасіретті гуманитарлық дағдарысты негізгі себеп ретінде атаған. Енді 10 наурызға белгіленген «Қызару» мультфильмі көрсетілмейтін болды. Ресейге қарсы бұл акцияға «Сони Пикчерс» те қосылды. Бұдан басқа,  Netflix  ресейлік федералдық арналарды көрсетпейтінін хабарлады. Негізі оларды стримиң қызметіне осы айда қосу керек болатын.