Араб елдері Украинадағы жағдайға бейтараптық танытты 

Араб елдері Украинадағы жағдай бойынша бейтараптылықты ұстанады. Мұндай шешімге жанжалдасып жатқан екі тараппен де достық қарым-қатынаста болуы себеп деп түсіндірілді.

«Достар үшін екеуінің бір-бірімен соғысып жатқанын көру қиын, сондықтан Араб елдері Лигасы бейтараптықты ұстанады»,– деді ұйым өкілдері.

Бұдан бөлек, олар Украина мен Ресейді арадағы шиеленісті дипломатия және диалог арқылы шешуге шақырды. Араб мемлекеттері Лигасы сондай-ақ Украинадағы гуманитарлық ахуалдың нашарлап кетуіне алаңдаушылық білдіріп, сол жақтағы Араб қауымдастықтарына көмек көрсететіндерін жеткізді.