Украинадан Өзбекстанның 509 азаматы еліне оралды  

Украинаның Харьков қаласында Өзбекстан азаматтарын тасымалдауға арналған көлік артиллериялық соққының астында қалған. Адамдар аман. Снаряд түскен сәтте, шағын автобус тұрақта тұрыпты. Бұл мәліметті Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі растады.

Қазір көрші ел Украинадағы азаматтарын эвакуациялап жатыр. Осы күнге дейін екі әуе рейсімен 509 өзбектандық оралды. Польша мен Украина шекарасындағы «Карчова» пунктінде тағы 650 азамат кезегін күтіп отыр. Оларға Ташкенттен арнайы эвакуациялық рейс жіберіледі.