Грузияда Қазақстандағы қуғын-сүргін тақырыбына арналған шығармашылық сайыс өтті

Грузия жұрты қазақ халқына алғыс айтты. Бүгін бұл елдің ұстаздар одағы Қазақстанға арналған шығармалар сайысының қорытындысын жариялады.

Сайысқа Ақмола облысындағы Алжир лагері арқау болған. Грузия оқушылары бір жыл бойы қуғын-сүргін кезіндегі оқиғалар туралы мәлімет жинапты. Арасында зұлмат жылдары Қазақстанға жер аударылған грузин жазушыларының аналары туралы ақпарат бар.

Додо Сордия, грузин тілі мен әдебиетінің мұғалімі:

– Осы деректермен жұмыс істегенде, қатты уайымдадым. Сол адамдармен тозаққа түскендей болдым. Бұл қасірет ешқашан қайталанбасын.