Ресей күштері Украина қалаларын зымыранмен атуды күшейтті

Ресей әскері Украинаның көптеген қаласына шабуылын жалғастырып, атқылауды күшейтті. Әсіресе Ресей күштері Харковь, Житомир және Киевті бомбалауды үдетіп, бейбіт тұрғындар қаза тауып жатыр.

Бүгін түнде Ресей жасақтары Житомир қаласын қанатты зымыранмен атқылап, 4 адам қаза тапты. Украинаның төтенше жағдай қызметінің мәлімдеуінше, әскери базаға бағытталған қанатты зымырандар тұрғын үйлерге түскен.

Сергей Сухомлин, Житомир қаласының мэрі:

- Әуеден ауруханаға жақын тұрғын үйге бомба түсті. Салдарынана үйдің тас-талқаны шығып, емдеу орнының терезелері мен есіктері қирады. Қазір құтқару жұмыстары жалғасып, қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны нақтыланып жатыр. 

Украинадағы екінші үлкен шаһар Харковьте де дәл осындай жағдай. Ресей күштері әскери оқу орынының казармасын атқылап, қалаға әуе десантын түсірген. Кеше Ресей әскері шаһарды зымыранмен төпелетіп, бір бомба облыстық әкімшілік ғимаратының жанына түскен еді. Cалдарынан 11 адам көз жұмып, тағы 35 кісі жараланды. Қираған үйлердің астынан адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр. 

Ресей әскерилері Украина астансын да бомбалауды жалғастырып жатыр. Кеше Киевтің телеорталығына 2 зымыран түсіп, 5 адам көз жұмды. Қазір телеарналардың хабар таратуын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Ал Мәскеу Украина билігінің Ресей әскерилері тұрғын үйлерді атқылап жатыр деген айыптарын жоққа шығарып, тек әскери нысандарға соққы беріліп жатқанын айтады.

Сондай-ақ...