АҚШ Ресей ұшақтарын өз әуе кеңістігі арқылы ұшырмайды

АҚШ Ресей ұшақтарын өз әуе кеңістігі арқылы ұшырмайды

Бұл туралы Ақ үй басшысы Джо Байден мәлімдеді. Қазірдің өзінде 2 елдің арасында қатынайтын көптеген рейс тоқтатылған.

Бұл шешімге Кремль әзірге жауап қатқан жоқ. Осының алдында Еуроодақ санкцияларына қарымта ретінде Ресей "кәрі құрлық" ұшақтары үшін әуе кеңістігін жапқан болатын.

Джо Байден, АҚШ Президенті:

- Біз Ресейдің ірі банктерінің қызметі мен халықаралық қаржылық жүйені өшіреміз. Мағынасыз соғысты қаржыландырып отырған Ресейдің Орталық банкіне рубльді қорғауға мүмкіндік бермейміз. Бұдан былай Ресей технологияларды ала алмайды. Бұл шаралар Кремльдің экономикалық қуатын жойып, қарулы күштерін ұзақ жылдар бойы әлсіретеді.