НАСА жаңа жерсерік ұшырды

НАСА ғарышқа АҚШ-тың батыс бөлігіндегі орман өрттері мен су тасқындарын бақылайтын жаңа жерсерігін ұшырды.

Аппарат осыдан 4 жыл бұрын аттандырылған жерсерікті ауыстырады. Себебі алдыңғы зондтың камерасында ақау пайда болып, мәліметтерді жеткізуде қиындықтар туындаған. Жалпы жаңа аппарат құны 12 миллиардтай болатын төрт жерсеріктен тұратын жобаның бір бөлігі. Алғашқы зонд 2016 жылы ұшырылған. Ол Атлант мұхитындағы дауылдар мен Құрама Штаттардың шығысындағы өзге де метеорологиялық құбылыстарды бақылауға арналған.

Сондай-ақ...