БАӘ-де Украина азаматтары үшін визасыз тәртіп тоқтатылды

Біріккен Араб Әмірліктері Украина азаматтары үшін визасыз тәртіпті уақытша тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді бұл мемлекеттің аумағына кіру үшін украиналықтар арнайы рұқсат қағазын алу керек. Мұндай шешімге не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тиісті ереженің Біріккен Араб Әмірліктеріне бұған дейін келгендерге қатысы жоқ.

Айта кеткен жөн, екі ел арасындағы визасыз тәртіп 2017 жылдың соңында орнатылды.