Арменияның жаңа президенті сайланды

Армения Ұлттық Ассамблеясы (парламент) Ваагна Хачатурянды елдің жаңа президенті етіп сайлады.

Бұл туралы «Хабар 24» Аrmenpress.am сілтеме жасап хабарлайды.

Дауыс беру нәтижелерін есеп комиссиясының төрағасы Нарек Бабаян жария етті. Президенттік сайлаудың екінші кезеңіне 71 депутат қатысып, олардың барлығы Ваагна Хачатурянды жақтап дауыс берді.