Ресейде әскер жайлы жалған ақпарат тарататындар үшін жаза күшейтілді

Мемлекеттік Дума комитеті Ресей әскері жайлы жалған ақпарат таратқаны үшін жазаны қатаңдату туралы Қылмыстық кодекске түзетулерді бекітті.

Жаңа өзгерістер бойынша қарулы күштер туралы алдын ала жалған мәлімет таратқан үшін 1,5 миллион көлемінде айыппұл төлеуі немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Ал қылмыс аса ауыр деп таныласа 15 жылға дейін абақтыға қамалады. Бастама ертең Мемлекеттік Думаның төменгі палатасының пленарлық отырысында қабылдануы мүмкін.